Bereke Bank шетелден топ-менеджер табу үшін 93 млн теңге төлеуге дайын

Қатарлық банкке сатылған Bereke Bank шетелдік топ-менеджерлерді іздеу үшін 93 млн теңге бөлген. Бұл туралы mp.kz электронды сауда алаңындағы лотта жазылған.
Bereke Bank басшылық қызмет үшін экспаттар тауып беретін компанияға тендер жариялайды. Ол компания қаржы секторының кандидаттары үшін халықаралық нарықтағы жоғары лауазымды қызметкерлер іздеп табуы керек.
Лот бюджеті 93 млн теңге. Бір компаниядан ұсыныс түсіп, өтінімдерді қабылдау 2025 жылы 30 қаңтарда аяқталған. Жауапты компанияға қандай талаптар қойылады?
- ТМД елдерінде үш жылдық жұмыс тәжірибесі
- халықаралық нарықта жоғары буын үшін жетекшілер іздеуден тәжірибесі бар
- халықаралық нарықта 10-нан аса қаржы компаниясымен жұмыс істей білуі
Bereke Bank – актив бойынша 10-орынды иеленеді. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша активі 2,4 трлн теңге, ал қарыз портфелі 1,4 трлн теңгені құрайды.
Қаржы ұйымы бұрын «Бәйтерек» ұлттық холдингіне тиесілі еді. 2024 жылы оны қатарлық инвестициялық Lesha Bank сатып алды. Мәміле құны 65 млрд теңгені құрады.
Lesha Bank – Қатардағы тәуелсіз инвестициялық банк, шариғат негіздеріне сай жұмыс істейтін қаржы ұйымы ретінде белгілі.