Алматыда LEGO конструкторынан салмағы 193 келі киіз үй құрастырылды

Жарияланды 4 Ақпан 2025 18:50

(жаңартылды 5 Ақпан 2025 09:26)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
LEGO
LEGO киіз үй мен ұлттық киімдегі мүсіндерді шығарды / коллаж: kursiv.media

LEGО конструкторынан құрастырылған киіз үй мен қазақтың ұлттық киіміндегі мүсіндерді шығарды.

Qazaq Grammar Instagram арнасында ерекше LEGО жинағы көрсетілген видео жарияланды. Бұл – конструктордан жасалғанмүсіндердің үлкен көрме. Олардың ішінде ұлттық киім киген қазақтар мен көшпелі мәдениеттің символы – киіз үй бар.

Telegram-дағы «‘98mag» арнасының мәліметінше, бұл LEGO арнайы Қазақстан үшін әзірленген. Конструктор 92 630 бөлшектен тұрады, жалпы салмағы – 193 кг. Фигураларды жинауға 342 сағат кеткен. Оларды Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Marwin дүкенінен көруге болады.

Бұған дейін LEGO конструкторының жаңа моделі ретінде киіз үй жасау идеясы ұсынылған болатын. Алайда әзірге LEGO компаниясы мұндай жиынтықтың ресми түрде шығарылатыны туралы ақпарат бермеді.

Сондай-ақ оқыңыз