Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген Instagram парақшасында оқырмандардың «Асхат Садырбайды неге «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан алып тастамайсыз?» деген сұрағына жауап берді.
Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттан» не үшін кетті?
Динаның айтуынша, 2024 жылдың қаңтарында жүргізушіліктен кеткен. Оның орнына Бердімұрат Хасен келген. Бұл кандидатураны өзі ұсынған. Мамырға дейін бағдарламаны оның компаниясы шығарғанымен, маусымда бүкіл командасымен жобадан толық кеткен.
«Астарлы ақиқатты” көлікке теңесек, мен оны жүргіздім, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ кейін кілтін иесіне тапсырдым. Одан кейін бұл көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз жолыммен кеттім», – деді Төлепберген.
Асхат Садырбай жайлы ойы қандай?
Сондай-ақ қазір жүргізуші болып жүрген Асхат Садырбайға байланысты «еркектің сөзі мен ісі бір болуы керек» деген ойын айтты.
Мен үшін адамды жеке өмірінен бөліп қарау мүмкін емес. Себебі адам – тұтас тұлға. Егер оның айтқаны мен ісі сәйкес келмесе – ол жалғандық. Ал жұмысы мен өмірі екі бөлек болса – бұл алдау,” – дейді Дина Төлепберген.
Айта кетейік, Асхат Садырбай бұған дейін екі рет үйленген еді. Алғашқы әйелі танымал әнші Ерке Есмахан болған. Ал екінші әйелі Айғаным Болат жақында Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы күйеуі жанжал кезінде қол көтеретінін, сондай-ақ баланы өзіне алу үшін сотқа бергенін айтты.