Шафкат Құдабаев «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының тоғызыншы орынбасары болып тағайындалды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/kudabaev-shafkat-serikovich-zamestitelem-predsedatelya-pravleniya-ao-nk-kazmunajgaz-1024x576.png)
Шафкат Құдабаев «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының тоғызыншы орынбасары болып тағайындалды. Ол Басқарма құрамына Василий Лавреновтің орнына келді. Ұлттық компанияның құқықтық блогын басқарады.
Құдабаевтың қызмет жолы
Құдабаев еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маманы болып бастаған. 2002-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарды. 2024 жыл қазан айынан бері «ҚазМұнайГаздың» бизнес-серіктесі болып жұмыс істеген.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің қазір 9 орынбасары бар. Олар: Құрманғазы Есқазиев, Бекзат Абайылданов, Әсет Мағауов, Болат Закиров, Дастан Абдулғафаров, Руслан Балықбаев, Диана Асырова және Шафкат Құдабаев.
Салыстырар болсақ, Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің 6 орынбасары бар.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» – Қазақстанның жетекші вертикалды интеграцияланған мұнай-газ компаниясы. Компания көмірсутектерді барлау мен
ҚМГ-ның 67,42 % акциясы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына тиесілі болса, Қаржы министрлігі 20% акциясына иелік етеді. Сонымен қатар 9,58 %-на Ұлттық банк ие.