Қазақстандағы шетелдік интернет-компаниялар қазынаға 75 млрд теңге салық төледі

Соңғы үш жыл ішінде елімізде тіркелген шетелдік интернет-компаниялар бюджетке 75 млрд теңге салық төледі. Қаржы министрлігі осылай деп хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, елімізде шетелдік 101 компания тіркелген. Оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix тәрізді халықаралық алпауыттар да бар. Былтыр олардан түскен салық көлемі 35 млрд теңгеге жеткен.
2024 жылдың соңында тағы жаңа ойыншылар келді. Temu, Pinduoduo және Alibaba шартты тіркеуден өтті.
Шетелдік компаниялардың үлесі жоғары саланың бірі – құрылыс. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елдегі құрылыс жұмыстарының 71%-ын жеке компаниялар, 26,4%-ын шетелдік компаниялар орындайды.
Шетелдіктердің үлесі көп тағы бір сала – мұнай өндіру. Соңғы 30 жылда елдегі 25 шетелдік мұнай сервистік компаниясының бас мердігерлері 50 млрд доллар табыс тапқан.