Акциялары биржада құлдыраған тұста «Қазақтелеком» басқарма құрамы өзгерді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
«Қазақтелеком» басқарма құрамы өзгерді / фото: Shutterstock

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына тағы екі адам қосылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды.

Компания басқармасы құрамына Абылайхан Оспанов пен Нұрлан Мейірманов қосылды. Оспанов цифрлық бизнес дивизионы бас директоры, ал Мейірманов стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директоры қызметін атқарады.

Осылайша «Қазақтелеком» Басқармасы сегіз адамнан тұрады. Олар:

  • Бағдат Мусин
  • Арнұр Нұрқатов
  • Игорь Погребицкий
  • Әлібек Индықбаев
  • Ләззат Басқанбаева
  • Ержан Мейрамов
  • Нұрлан Мейірманов
  • Абылайхан Оспанов.

Компаниядағы мұндай өзгеріс «Қазақтелеком» акциялары Қазақстан қор биржасында құлдыраған тұста болып отыр. Екі апта бұрын, 28 қаңтарда ғана KZTK акциялары T49 469 тұрған. Санаулы күндердің ішінде-ақ олардың құны күрт құлдырап, 10 ақпанда T42 476-ға дейін түсті.

Компания құрамындағы соны өзгерістерден кейін, 11 ақпанда акциялар аздап қана көтерілгені байқалады.

Сондай-ақ оқыңыз