Смағұловқа тиесілі Mega Center Management биржадан акцияларын алып тастады
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/smagulov-1-1024x576.png)
Mega Center Management («Мега» сауда орталығының операторы) KASE-дегі акцияларына делистинг жасайды. Компания акционері осындай шешім қабылдаған.
Әзірге бұған нақты не себеп болғаны белгісіз.
Бұл компанияның иесі әрі негізін қалаушы – кәсіпкер Нұрлан Смағұлов. Дәулеті 980 млн доллар деп бағаланады. Forbes Kazakhstan рейтингінде сегізінші орын иеленеді. Оған тиесілі тағы бір зауыт «Астана Моторс» үкімет жоспарлаған жобаларға да қатысады.
Делистинг деген не?
Делистинг – компанияның биржадан акцияларын алып тастау процесі. Яғни құнды қағаздар нарықта сатылмайды деген сөз. Олар компания жеке меншігіне қайта өтеді.
Неліктен компаниялар делистинг жасайды?
🔹 Жеке меншікке толық өту – Компания акционері ұйымды толық бақылауға алғысы келеді.
🔹 Қаржылық есепті жеңілдету – енді KASE талаптарына сай ашық есеп беру қажет болмайды.
🔹 Компанияның стратегиясын өзгерту мүмкіндігі – меншік иесі бизнесті өз қалауы бойынша басқара алады.