
Танымал режиссер Қуаныш Бейсек «Алдар мен Көсе» толықметражды мультфильмін шығарып, алғашқы тизерін жариялады.
«2025 жылы еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін «Алдар мен Көсе» толықметражды мультфильмінің алғашқы тизері жарық көрді», деп жазды Қуаныш Бейсек.
Желіде жарияланған тизерде мультфильмнің көркемдік стилі, кейіпкерлердің образдары мен анимация сапасы байқалады. Бұл туынды да Алдар мен Көсе екі бөлек кейіпкер екенін байқауға болады.
Желі қолданушылары тизерді жылы қабылдап, пікірлерін қалдырды:
«Керемет! Қазақ анимациясы дамып келеді!» “Балаларымызға арналған осындай сапалы жобалар көбейсе екен!, деп жазды желі қолданушылары.