ChatGPT-5 жаңа моделі қолданушылар үшін тегін болмақ

Жарияланды 15 Ақпан 2025 14:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
ChatGPT-5 жаңа моделі қолданушылар үшін тегін болмақ / фото: reuters

ChatGPT-5 моделі қолданушылар үшін тегін болмақ. Бұл туралы OpenAI бас директоры Сэм Альтман X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Альматның айтуынша, GPT-5 моделі барлық пайдаланушыларға тегін беріледі, ал премиум жазылым иелері одан да жетілдірілген ЖИ деңгейін пайдалана алады.

ЖИ нарығындағы бәсеке күшейіп келеді

OpenAi компаниясының бұл жаңалығынан кейін, Қытайлық Baidu технологиялық компаниясы да Ernie Bot атты жасанды интеллект (ЖИ) чат-ботын 1 сәуірден бастап тегін ететінін хабарлады.

Baidu компаниясы 13 ақпанда WeChat платформасында жариялаған мәлімдемесінде мобильді және компьютерлік құрылғылардағы барлық пайдаланушылар үшін Ernie Bot-тың премиум функциялары тегін ұсынылатынын айтты. Бұған ЖИ арқылы сурет генерациясы сияқты мүмкіндіктер де кіреді.

Осы жаңалықтардың әсерінен Baidu-дің Гонконг қор нарығындағы акциялары 12%-ға өсіп, 14 ақпан күні бір акцияның бағасы 95 гонконг долларына (шамамен 6 051 теңге) жетті.

Қытайдағы ЖИ жарысы: Baidu-дің басты бәсекелестері

Қытайдың ЖИ нарығында Baidu көшбасшылардың бірі болғанымен, соңғы уақытта оның орнын ByteDance, DeepSeek, Moonshot AI сияқты компаниялар басып келеді.

  • ByteDance (TikTok иесі) әзірлеген Doubao чат-боты Ernie Bot-ты танымалдылық бойынша басып озды.
  • Alibaba корпорациясы Apple-дің Қытайдағы ЖИ интеграциясы үшін Baidu емес, өз технологиясын таңдағанын хабарлады.
  • Moonshot AI стартапы 2023 жылдың соңында Kimi атты чат-ботын іске қосып, қазір Қытайдағы ең танымал үш ЖИ моделінің қатарына енді.
  • DeepSeek R1 моделі АҚШ-тың ірі ЖИ әзірлеушілерімен салыстыруға болатын деңгейде, бірақ әлдеқайда арзан шығынмен жұмыс істейді.

АҚШ санкциялары және Қытайдың ЖИ индустриясы

Қытайдың жетекші ЖИ компанияларының бірі Zhipu AI, Цинхуа университетінің қолдауымен құрылған. АҚШ-тың Сауда министрлігі 2024 жылдың қаңтарында Zhipu AI-ды санкциялық тізімге енгізіп, оны Қытайдың әскери құрылымдарымен ынтымақтастық жасады деп айыптады. Zhipu AI бұл айыптауды жоққа шығарды.

Ernie Bot аудиториясы және жазылым бағасы

Baidu 2023 жылы Ernie Bot-қа ақылы жазылымды енгізді, оның ішінде ЖИ арқылы сурет жасау функциясы бар. Жазылым айына 59,9 юань (4 094 теңге) тұрады.

Компанияның мәліметінше, 2024 жылдың қараша айына дейін Ernie Bot қолданушыларының саны 430 миллион адамға жеткен. Бірақ бұл көрсеткіштің өсу қарқыны соңғы уақытта бәсеңдей түсті.

Сондай-ақ оқыңыз