Қазақстан – Солтүстік Корея матчын қайдан көруге болады

Жарияланды 17 Ақпан 2025 16:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан – Солтүстік Корея матчын қайдан көруге болады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Солтүстік Корея құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Матчты Астана уақытымен 19:00-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Солтүстік Корея құрамасы 1966 және 2010 жылдары әлем чемпионаттарына қатысып, халықаралық аренада белгілі бір деңгейде жетістікке жеткен. Сонымен қатар, КХДР құрамасы АФК Челлендж кубогын екі рет (2010, 2012) жеңіп алған.

Бұл жолдастық кездесу Қазақстан құрамасы үшін жаңа ойыншыларды сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Бас бапкер Әли Әлиев жетекшілік ететін штаб бұл жиын барысында ұлттық құрамаға лайықты жаңа есімдерді іздестіруді мақсат тұтып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы жиын аясындағы алғашқы кездесуін Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өткізіп, 1-1 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ оқыңыз