Алматы әкімдігі метро құрылысына қажет қаржыны Қытайдан іздеп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Алматы қаласындағы метро құрылысына Қытай компаниясы қатысады/Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы әкімдігі метро құрылысына қажет қаржыны Қытайдан іздеп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары аясында Қытайдың Экспорт-импорт банкі (China Exim Bank) президенті Ван Чуньинмен кездескен.

Қос тарап метроны қаржыландыру мәселесін талқылаған.

Алматы әкімі екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, метро желісін қаржыландыру шарттарын талқылауға дайын екенін білдірген.

Алматы қаласындағы метро құрылысына Қытай компаниясы қатысады. Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев «Барлық» базарына дейін құрылыс қарқын алатынын хабарлаған. Жоба 2029 жылы аяқталуға тиіс. Биыл метро салуға 28 млрд теңге бөлінген.

Қала әкімі Ерболат Досаев метро салу үшін шетелдік банктерден 1 млрд долларға дейін қарыз алатынын мәлімдеді.

Сол кезде AFC, Еуразиялық даму банкі, Азия даму банкі, Қытайдың Эксим банкі, Азиялық даму және Қайта құру және даму банкі сынды ұйымдардың қарыз беру шарттарымен танысқан.

Әкім Барлық пен Қалқаман бағытының құрылысын шамамен 3,5 жылда аяқталу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз