S&P Қазақстанның егеменді рейтингін растады

Жарияланды
S&P Standard & Poor’s
S&P Қазақстанның егеменді рейтингін растады/Фото: shutterstock

Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингі  «BBB-» деңгейіндеболжам – «тұрақты». Бұл туралы Ұлттық экономика баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік ЖІӨ құрылымында мұнайға жатпайтын сектордағы өсімнің оң әсерін, фискалдық тұрақтылықты, сыртқы резервтердегі көлемнің ауқымдылығын және сыртқы қарыздың көлемі қалыпты екенін атап өтті.

Агенттіктің болжамынша, Қазақстан экономикасы 2025 жылы 4,9% және 2026 жылы 3,4% деңгейіне өседі. Бұған мұнай өндірісіндегі өсім, сол секілді экономиканы ынталандыру мен әртараптандыруға жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, әлеуметтік қамсыздандыру ықпал етеді.

S&P пікірінше, инфляцияны тежеу және экономиканы қолдау бағдарламаларына қатысуды азайту бойынша Ұлттық Банк қабылдаған шаралар ақша-кредит саясатының тиімділігін біртіндеп арттыруға сеп болады.

ҰЭМ 2025 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынып, мұнайдың бағасы барреліне 75 АҚШ доллары көлемінде, ал доллардың есептік бағамы 470 теңге көлемінде есептеген. Ал Қазақстан экономикасы 2025 жылы 5,6%-ға өседі деген болжам жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз