2025 жылдың наурызынан банктер теңгедегі депозит мөлшерлемесін өздері белгілейді

2025 жылдың наурызынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілеуді тоқтатады. Оның орнына Қор нарықтағы нақты мөлшерлемелер туралы ақпаратты жариялап отырады.Енді банктер депозит сыйақысын өздері белгілейді.
Бұл өзгерістің мәні не?
Бұған дейін ҚДКБҚ банктердің депозит мөлшерлемелеріне шектеу қойып, тым жоғары пайызбен салым тартудың алдын алу үшін шаралар қабылдады Қазақстандық банк секторының дамуына байланысты ҚДКБҚ депозит нарығын ырықтандыруға көшті. Бұл өзгеріс банктерге депозиттік мөлшерлемелерді нарықтық жағдайларға сай белгілеуге көбірек еркіндік береді.
Қандай өзгерістер болады?
- 2024 жылдың қаңтарынан бастап, ҚДКБҚ көпшілік банктер үшін теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді алып тастады.
- Капиталдануы төмен банктерге ғана уақытша шекті мөлшерлемелер сақталды, бұл АҚШ тәжірибесіне ұқсас.
- 2025 жылдың наурызынан бастап, банктер теңгедегі депозит мөлшерлемелерін өздері белгілейтін болады.
- ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелер туралы ақпарат жариялауды тоқтатып, оның орнына нарықтағы қалыптасқан мөлшерлемелер туралы деректерді ұсынатын болады.
- Шетел валютасындағы депозиттер үшін шекті мөлшерлемелер бұрынғыдай барлық банктерге қолданылады.
«Біз жүргізілген реформа банктерге еркіндік беріп, нарықтық механизмдерді дамытуға ықпал етеді деп сенеміз», – деп атап өтті ҚДКБҚ басшысы Әділ Өтембаев.
Қазақстандықтардың депозитте жинаған ақшасы бір жылда 20% өскен. Ұлттық банк статистикасына сәйкес, желтоқсан айында жалпы депозит көлемі 38,5 трлн теңгеден 41,2 трлн теңгеге жетті. Соның 32 трлн теңгесі – теңгеде сақталған депозиттер. Ал шетел валютасындағы салымдардың көлемі 9,2 трлн теңгені құрайды.