Еуропалық даму банкі нарықтан 50 млрд теңге тартты

Еуразиялық даму банкі KASE-ден 50 млрд теңге қарыз алды. Қаржы ұйымы облигацияларын 16,25% жылдық мөлшерлемемен үш жылға орналастырды. Бір қағаз үшін 1000 теңге белгіленді деп жазылған Қазақстан қор биржасының сайтында.
Еуразиялық банктің негізгі сатып алушылары да банктер, олар облигацияның 88,4%-ын сатып алған. Брокерлік-дилерлік ұйымдарға 1,9%-ы, басқа да құрылымдық инвесторларға 8,0%-ы және өзге де заңгерлік тұлғаларға 0,2%-ы тиесілі.
Бірақ қаржы қандай мақсатқа жұмсалатыны белгісіз.
Еуразиялық даму банкі — инвестициялық қызметпен айналысатын халықаралық қаржы ұйымы. Банктің жарғылық капиталы 7 млрд долларды құрайды. Қаржы ұйымына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения және Беларусь қатысады.
Былтыр Қазақстан Еуразиялық даму банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алу үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсаймыз деген еді. Осыдан кейін банктің Қазақстанның үлесі 33%-дан 37,3%-ға өскен. Ал Ресейге 44,8%-ы тиесілі.