Қазақстанда «46 түн» атты қырғыз киносы прокаттан алынып тасталды

Жарияланды 28 Ақпан 2025 12:15

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com

«46 түн» киносы прокаттан алынып тасталды / коллаж: kursiv.media, бильд-редакторы: Ахтам Зиперов

Қазақстанда қырғыз режиссерлері түсірген «46 түн» фильмі прокаттан алынып тасталды. Бұл туынды 46 мәйітті зорлаған некрофил-маньяк туралы баяндайды. Фильмнің сюжеті қоғамда үлкен резонанс тудырып, көрермендердің көбісі шағымданған екен.

Билеттер сатылымда жоқ

Фильмнің Қазақстанда көрсетілетіні туралы бұған дейін хабарланған еді, алайда Ticketon және kino.kz сайттарында «46 түн» фильмінің сеанстарына билеттер сатылымда жоқ. Осыған байланысты фильмнің ресми түрде прокаттан алынғаны немесе басқа себептермен көрсетілмейтіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұл фильм Қырғызстанда түсірілген және оның мазмұны көрермендер арасында екі түрлі пікір туғызды. Бірі мұндай ауыр тақырыпты көтеру кинематографиялық еркіндік десе, енді бірі оны адамгершілік пен этика шегінен шыққан деп сынға алды.

Сондай-ақ оқыңыз