Lifestyle

Футзалдан Қазақстан – Албания матчын қайдан көруге болады

Қазақстан – Албания матчын қайдан көруге болады / фото: kff.kz

Бүгін, 7 наурыз, футзалдан EURO-2026 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Албания құрамалары арасындағы ойын өтеді.

Матч қашан және қайда өтеді?

Кездесу Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында сағат 19:00 де өтеді. Сондай-ақ, тікелей эфирді Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Турнир кестесіндегі жағдай

Төрт турдан кейін 6-топтағы командалардың жағдайы келесідей:

  • Армения – 10 ұпай
  • Қазақстан – 7 ұпай
  • Албания – 3 ұпай
  • Дания – 3 ұпай

Қазақстан құрамасы бұл матчта жеңіске жетіп, турнирлік кестеде өз позициясын нығайтуды көздейді.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 23 наурызда және 26 наурызда ойындар өткізеді.