Аралас жекпе-жек 2026 жылғы Азия ойындарының бағдарламасына енді

Жарияланды 7 Наурыз 2025 17:04

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Аралас жекпе-жек жарыстары екі стильде өтеді — заманауи және дәстүрлі / Фото: shutterstock

2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарына аралас жекпе-жек (ММА) спорты ресми түрде енгізілді. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (OCA) мәлім етті.

Азия аралас жекпе-жек қауымдастығы (AММА) ММА спортының Азия ойындары бағдармаласына енгізілуін былай деп түсіндірді:

«Осы спорт түрін қосу, оның өсіп келе жатқан жаһандық ықпалын және спортты осындай деңгейге көтерген спортшылардың, ресми тұлғалардың және ұлттық қауымдастықтардың қажырлы еңбегін көрсетеді»,– делінген хабарламада.

ММА жарыстары екі стильде өтеді — заманауи және дәстүрлі. Дәстүрлі стильде спортшылар арнайы жейделер мен шорты киеді, ал заманауи стильде олар рашгард пен шорты киіп сынға түседі. Осы спорт түрінде барлығы алты медаль топтамасы сарапқа салынады.

Жарыс келесі салмақ категориялары бойынша өтеді:

 Ерлер:

Дәстүрлі стил: 65 кг, 77 кг

Заманауи стил: 60 кг, 71 кг

Әйелдер:

Дәстүрлі стил: 60 кг

Заманауи стил: 54 кг

Айта кетейік, 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жегіне неге қатыспайтынын түсіндірді. UFC ресми түрде америкалық-палестиналық спортшы Белал Мұхаммадтың чемпиондық белбеуін мамыр айында қорғайтынын жариялады. Оның қарсыласы аустралиялық Джек Делла Маддалена болады. Бірақ бастапқыда бұл жекпе-жекке басты үміткер ретінде Шавкат Рахмонов қарастырылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз