Ұшақ апаты мен махаббат хикаясы: Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян шығарды

Жарияланды 8 Наурыз 2025 13:16

(жаңартылды 11 Наурыз 2025 00:27)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян шығарды / фото: скрин

7 наурызда Димаш Құдайберген Love’s not over yet атты жаңа әні мен бейнебаянын жарыққа шығарды. Бұл жәй ғана клип емес, терең мағыналы фильм. Ұшақ апаты мен махаббат хикаясы қатар өрбіген бейнебаян көрермендерді ерекше сезімге бөлеп, эмоцияға толы сәттер сыйлады.

Бейнебаян сюжетінің авторы – Димаштың өзі. Әнді тыңдай отырып, ол бірден оқиғаны ойлап тапқан. Шығармашылық топ сол идеяны дамытып, толыққанды сценарийге айналдырған. Сюжет махаббат, адалдық пен қолдағы барды бағалауды ұғындыратын терең мағыналы бейнебаян.

Ең қызықтысы – бейнебаян екі бөлімнен тұрады. Бұл шешім монтаж барысында қабылданған. Димаш ойлағандай, оқиғаның бір клипке сыймайтыны түсінікті болды. Сондықтан көрермендерді алда жалғасы күтіп тұр.

Қызғалдақ – махаббат символы

Бейнебаяндағы ерекше деталь – қызғалдақ гүлі. Сюжет басынан бастап көрініп, оқиғаның негізгі символына айналады. Бұл гүл – махаббат пен қамқорлықтың белгісі, және бас кейіпкерлер үшін ерекше мағынаға ие. Кішкентай қыз бен ұлдың балалық шағындағы оқиға романтикалық қарым-қатынасқа ұласқан кезде, қызғалдақ махаббатының үндестігін бейнелейді.

Димаш Құдайберген бұл жолы өзін әнші ретінде ғана емес, сценарист ретінде де танытты. Тұтастай алғанда, бейнебаян көрерменге тек әдемі картинаны ғана емес, терең эмоциялық сезім сыйлайды. Клиптің жалғасы қандай болатыны белгісіз, бірақ тыңдармандардың келесі бөлімді асыға күтіп жатқаны сөзсіз.

Айта кетейік, бұл әнді «Грэмми» сыйлығының иегері, әлемге әйгілі композитор Уолтер Афанасьев жазған.

Сондай-ақ оқыңыз