Ұлттық валюта бірден шамамен 6 теңгеге нығайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
валюта бағамы
Ұлттық валюта шамамен 6 теңгеге нығайды / коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы бір тәулікте 5,73 теңгеге нығайды. Енді 1 доллар 488,53 теңге тұрады.

Екі айда 40 теңгеге нығайды

Ұлттық валюта 2025 жылғы 17 қаңтардан бері үздіксіз нығайып келеді. Сол күні 1 доллар шамамен 530 теңге тұрды.

Екі айдан аз уақыттың ішінде ұлттық валюта шамамен 40 теңгеге нығайды.

Осылайша теңге 2024 жылғы қарашаның басындағы бағамға қайта оралды.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық валютаның күрт құлдырауы былтыр қарашаның аяғында басталған. Сол кезде ұлттық валюта бірден 20-30 теңге құнын жоғалтқан.

Сондай-ақ оқыңыз