Алаяқтар салық қосымшасы көмегімен де кибершабуыл жасауға көшті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Хакерлер салық жүйелерін де кибершабуыл үшін пайдаланады / фото: shutterstock / Evgeny_V

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтарға алданып қалмас үшін сақтық шараларын қолдануды ескертті. Себебі алаяқтар салық жүйелерін пайдаланы отырып кибершабуыл ұйымдастыра бастаған.

Комитет мәліметінше, салық жүйесіндегі мобильді қосымшаларында да алаяқтық әрекеттер жасалған.

Соған байланысты құзырлы мекеме, алаяқтар шабуылына ұшырамас үшін, e-Salyq Azamat және e-Salyq Business жүйелерін пайдаланған уақытта мынадай сақтық шараларын сақтауды сұрайды:

  • e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген хабарламалардағы күдікті файлдарды ашпаңыз (қосымшалар мессенджерлерге ешқандай хабарлама жібермейді);
  • WhatsApp, Telegram және басқа мессенджерлерде келген e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан жазылған хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;
  • сұралған мәліметтерді (толық аты-жөні, байланыс нөмірі, қызметі, мекенжайы және басқа деректер) толтырып бермеңіз;
  • техникалық сипаттағы сұрақтар бойынша e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының қолдау қызметіне support_portal@kgd.minfin.gov.kz поштасына хабарласыңыз.

Бұған дейін Kursiv.Media елде ұлттық қауіпсіздік комитеті, банк қызметкері атын жамылған алаяқтар қаптағаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз