
Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында ажырасқанын ресми түрде хабарлады. Жеке өмірінің егжей-тегжейін ашып айтпағанымен, енді жаңа кезеңге аяқ басатынын жеткізді.
Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көпшілік Сабинаны әлемдегі ең сұлу волейболшы ретінде танып, жарқын тұлға ретінде танып келген, сондықтан оның жеке өміріне қатысты кез келген жаңалық елдің назарынан тыс қалмайды.
«Иә, мен ресми некеде болдым, ал қазір ресми түрде ажырастым. Бұл туралы көптеген сұрақтар болды, енді осы тақырыпқа нүкте қойдым», – деп жазды спортшы Instagram-stories бөлімінде.

Сабина Алтынбекова 2020 жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шыққан еді. 2021 жылы ана атанды, бірақ 2023 жылы жұбайымен түскен барлық суреттерін әлеуметтік желіден өшірді. Сол кезде спортшы бұл әрекетін «көз тию» ұғымымен түсіндірген еді.
Қазіргі таңда Алтынбекова болашаққа сеніммен қарап, өмірінде жаңа өзгерістерге дайын екенін білдірді.