
Тікелей эфирді жүргізген Қыдырәлі мен Қарақат сынға қалды. Әңгіме Jibek Joly телеарнасындағы «Жақсы Адамдарым» бағдарламасына қатысты болып отыр.
Бұл бағдарламаны жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина жүргізеді. Әлеуметтік желіде соның бір сәті тарап кетті.
Бейнежазбада Қыдырәлі Болманов Әйгерім Сырлыбаеваға сөз береді. Әрине, оның қылықтарында соншалықты сөкеттік жоқ. Тек тілі қатты күрмелгені болмаса.
Бұл жайт көрермендерге «ішіп алған ба?» деген күдік туғызып отыр. Соның бірі – Сәбит Рысбаев деген қолданушы. Ол бейнежазбаны жария етіп қана қоймай, наразылығын ашық білдірді.
«Қыдырәлі эфирге ішіп алып шығады ма? Әлде ауырады ма? Ауырады дейін десең, басқа эфирде сау сияқты. Қазақстанда ішіп алса да, ауырса да, Қыдырәліден басқа адам құрып қалды ма?», – деп жазды ол.
Мұнымен қоймай, Сәбит Рысбаев телеарна басшылығын да сын тезіне алды.
«Жібек Жолында шоу жүргізетін ханым? Бұрында ауылда музыкадан сабақ беретін ағай ішіп алып жүргізе беретін. Ауылды еске салып жіберді ғой әнші ағамыз», – деп мысқылдады Рысбаев.
Бұл постқа қатысты жұршылықтың пікірі екіге жарылып отыр. Бірі авторды қолдаса, екіншілері жұлдызды жұпқа қолдау білдірген.
«Жүргізушінің өзі тіреліп алыпты», «Жақсы адамдарым» бағдарламасының мас жүргізуші» деп келе етсе, «Толқып отырған шығар. Ішіп алған адамға ұқсамайды» деп жазды журналист Бауыржан Кәріпов.
Мұның алдында Қарақат Әбілдинаның «Парасат» орденін алғанын жазған едік.