Ұлттық банк Gold Coin, Uki атты инвестициялық монеталарды сатылымға шығарады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
инвестициялық монета
UKI инвестициялық монетасы / Фото: Ұлттық Банк баспасөз қызметі

Ұлттық Банкі 17 наурыздан бастап Gold Coin  атты цифрлық монета жобасын іске қосты. Ол инвестициялық монетаға балама болады деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі.

Жаңа инвестициялық құралды AIX биржасының Tabys мобильді қосымшасында сатып алуға болады. Тіпті басқаларға сыйға тарта аласыз. Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең.

«Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығындағы алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады», – деп түсіндіреді Ұлттық банк өкілдері.        

Ал жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын – ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады. ÚKI-дің өзін де 17 наурыздан бастап сатып алуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Ұлттық Банк қазір мемлекеттік кірістер комитетімен бірге цифрлық теңге бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Ол – төл валютамыздың сандық форматтағы түрі, блокчейн технологиясымен жұмыс істейді

Сондай-ақ оқыңыз