Биыл Қазақстан қор биржасындағы сауда 25%-ға төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы қаңтар-ақпан айында жасалған сауда-саттық көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 14,7 %-ға (доллармен есептегенде 25,3%-ға) төмендеді.
Биржа мәліметінше, алғашқы екі айда KASE-де 57 трлн теңге ($110,8 млрд) сауда жасалған. Бұл 2024 жылдың қараша-желтоқсандағы көрсеткіштен 8,1%-ға төмен.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында KASE ақша нарығындағы сауда-саттық көлемі 48,4 трлн теңге болды. Бұл 2024 жылдың алғашқы екі айындағы көрсеткішке қарағанда 17,8 %-ға төмен.
Былтыр қараша-желтоқсанда биржаның ақша нарығындағы сауда-саттық көлемі бұдан 8% жоғары болған.
Қазақстан қор биржасы 1993 жылғы қарашада Алматы қаласында құрылған. 2013 жылы KASE Әлемдік биржалар федерациясының (WFE) толық мүшесі мәртебесін алды.