Ерке Есмахан жүкті кезінде сахнада ән айтып, жұртты тәнті етті

Жарияланды 14 Наурыз 2025 12:23

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ерке Есмaхан жүкті кезінде сахнада ән айтып, жұртты тәнті етті / фото: instagram: erke_esmahan коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Астана қаласында белгілі продюсер Баян Алагөзованың жеке шоу-кеші өтті. Бұл кеш көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, қазақ шоу-бизнесінің айтулы оқиғаларының біріне айналды. Шара барысында ең таңғаларлық сәттердің бірі – аяғы ауыр Ерке Есмахан сахнаға шығып, жанды дауыста ән орындады.

Танымал журналист Айгүл Мүкей бұл сәттің видеосын бөлісіп, мюзикл туралы өз пікірін білдірді:

«Queen мюзиклі – бұл музыка мен бидің үйлесімі арқылы жеткізілген ерекше өмірбаян. Қайғы мен қуаныш, жеңіс пен жеңіліс араласқан өнер туындысы. Ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – спектакльдің финалы, композитор Арман Дүйсеновпен шығармашылық сұхбаттар, Ерке Есмахан мен Жанар Дұғалованың орындаулары.”

Кеш барысында сахнаға қазақстандық шоу-бизнес өкілдері – «КешYou» тобының құрамы, Ақбота Нұр, Жанар Дұғалова және Бағым Мұхитденова шықты. Барлығы өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.

Ерке Есмахан жүкті күйінде сахнаға шығып, жанды дауыста өнер көрсетіп көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Әншінің бұл батылдығы мен кәсіби шеберлігі тыңдармандардың жүрегінен орын алды.

Баян Алагөзова Арман Дүйсеновті еске алды

Кеш барысында Баян Алагөзова Арман Дүйсеновтің шығармашылығына арнайы тоқталып, оны сахнада ерекше құрметпен еске алды. Ләйлә Сұлтанқызы кештін ең әсерлі жерімен бөлісті.

«Әсерлі қойылым, кәсіби музыка, жарық, дыбыстың үйлесімі – бәрі көрермендерді баурап алды. Бірақ осы кеште ерекше толқыныс туғызған сәт – Арман Дүйсеновтің «Туған жер» әнінің шығу тарихы туралы айтылған сәт болды», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан күйеуі Райыммен бірге АҚШ-тың Чикаго, Лос-Анджелес, Хьюстон және Нью-Йорк қалаларында концерт беруді жоспарлаған еді. Алайда ұйымдастырушылардың қателігінен ұзақ мерзімге виза ала алмай қалды.

Сондай-ақ оқыңыз