Алматылықтар аула сырлауға арналған бояуды тегін алады

Жарияланды 14 Наурыз 2025 13:19

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Тегін бояу алып, аула безендіру / фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Алматы қаласының тұрғындары аула сырлауға арналған бояуды тегін алады. Жергілікті әкімдік «Ауладағы қақпаны/қоршауды/орындықты сырла» акциясын өткізіп жатыр.

Қала тұрғындарына асығу керек, себебі тегін таратылатын бояу шектеулі.

«Акцияға Алматы тұрғындарының бәрі қатыса алады. Оларға ауладағы қоршауды, қақпаны, орындықтарды жаңартуға арналған бояу, сонымен бірге ерітетін сұйықтық тегін таратылады. Ол үшін ауданның безендіру бөлімшелеріне хабарласу қажет. Бояу шектеулі – бір тұрғынға 2 кг», – деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Қала басшылығы акция 2025 жылғы 17 наурызда басталатынын жариялады.

Тегін бояу таратылатын орындар және жауапты тұлғалар тізімі:

  • Алатау ауданы, Веселов көшесі, 18 «А», жауапты тұлға: Мадияр +7 707 305 9292;
  • Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 67, жауапты тұлға: Керімхан +7 747 555 2120;
  • Әуезов ауданы, Мамыр – 1 ықшам ауданы, 26/1, жауапты тұлға: Диас +7 708 708 3870;
  • Бостандық ауданы, Тәжібаев көшесі, 155 А, жауапты тұлға: Айбек +7 747 341 7872;
  • Жетісу ауданы, Тихов көшесі, 87 А, жауапты тұлға: Нұрберген +7 747 772 7478;
  • Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 72, жауапты тұлға: Абай +7 707 415 5929;
  • Наурызбай ауданы, Байсұлтанов көшесі, 1/2, жауапты тұлға: Олжас +7 708 100 2004;
  • Түріксіб ауданы, Шолохов көшесі, 9, жауапты тұлға: Айнұр +7 777 294 1441.

Алматы әкімдігі дәл осындай акцияны 2024 жылы да өткізген. Сол кезде де ауласын безендіруге ұмтылған қала тұрғындары көп болған. Оларға 4 240 литр бояу мен 590 литр еріткіш сұйықтық тегін таратылған.

Сондай-ақ оқыңыз