Жаңалықтар

Биыл жылан көп: Бесағашта бір үйдің ауласынан бес жылан табылды

Биыл жылан көп: Бесағашта бір үйдің ауласынан бес жылан табылды
Биыл жылан көп: Бесағашта бір үйдің ауласынан бес жылан табылды

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан бес жылан ұстағанын хабарлады.

«Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен 5 рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді» делінген хабарламада.

ТЖМ жылан табылған жағдайда дереу адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, бауырымен жорғалаушыны сыртынан жауып, құтқарушыларды шақыруға үндейді. Жыланды өздігінен ұстау қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Бауырымен жорғалаушылар әдетте адам аяғы көп жүретін жерге сирек барады. Биыл бірақ бұлай болмай тұр. Өткен аптада ғана осы Талғар ауданында құтқарушылар жер үйден екі метрлік жылан ұстаған болатын. Оның алдында Таразда жылан сауда үйінің ішіне кіріп кеткен.