Жаңалықтар

Жасыл энергия өндіру үшін Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан ортақ компания құрды

Фото ChatGPT-мен жасалды

Мемлекеттік KEGOC Қазақстан, Әзербайжанмен бірге құрылған компанияның 33,3% үлесіне ие болды. Жаңа компания Green Corridor Alliance деп аталады және Орталық Азиядағы жасыл энергия өндірісі мен тасымалына жауап береді.

Жобаға Әзербайжанның «Азерэенержи» ААҚ және өзбектің «Өзбекстан ұлттық электрлік желілері» АҚ да қатысады. Компания осы айдың басында Бакуде тіркелген.

«Жаңа кәсіпорын жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады. Бұл Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірлерінде көміртек шығарындыларын азайтуға және тұрақты энергиямен қамтуды қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деп жазылған компания сайтында.

Әзірге жасыл энергия елдегі жалпы электр энергиясы өндірісінің 6,43%-ын ғана қамтиды. Үкімет бұл көрсеткішті арттыруға ниетті, биыл жасыл энергия саласында 91 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Осы саладағы ірі жобалардың бірі – Жамбылдағы жел станциясы. Оны арабиялық компания салады, 1,4 млрд доллар инвестиция салмақшы.

KEGOC – Қазақстандағы электр энергиясын тарату мен басқарудағы басты ойыншы. Оның 85% акциясы «Самұрық-Қазына» қорына, 6,88%-ы БЖЗҚ-ға және 8,12%-ы жеке тұлғалар мен кіші инвесторларға тиесілі.