Жаңалықтар

БҚО-да блогер әкімнен ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды – БАҚ

Блогера Айбулата Букенова задержали в ЗКО
Блогер ұсталды/фото:Facebook: Айбулат Букенов

Батыс Қазақстан облысында жергілікті блогер Айболат Букенов ұсталды. Бұл туралы жергілікті «Уральская неделя» басылымы хабарлады.

Редакцияның хабарлауынша, оны облыстық ҰҚК департаменті ұстаған.

«Букенов Жаңғалы ауданындағы ауыл әкіміне қатысты ар-намыс пен қадір-қасиетін қорлайтын ақпараттарды таратамын деп қорқытып, одан 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша талап еткен. 16 шілдеде 300 мың теңге алған сәтінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды», – деп жазады жергілікті БАҚ.

Блогер кінәсін мойындаған. Қазір оған ққылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.