Жаңалықтар

Түркістан облысында 70 тонна банан жиналды

В Казахстане за три месяца собрали 70 тонн бананов
Елімізде 70 тонна банан жиналды/фото: shutterstock, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Түркістан облысындағы жылыжайлардан 70 тонна банан жиналды. Бұл өнім 52,5 мың шаршы метр алаңда өсірілген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Сондай-ақ республика бойынша 208 тонна құлпынай жиналды (87 мың шаршы метрде өсірілген): оның 158 тоннасы – Алматы облысында, 50 тоннасы Түркістан облысында жиналған.

2025 жылдың сәуір-маусымында 50,4 мың тонна қызанақ жиналды. Қызанақтың басым бөлігі Түркістан облысындағы жылыжайларда өсірілген – 36,8 мың тонна. Ақтөбе облысында 5,7 мың тонна, Павлодар облысында 1,9 мың тонна, Алматы облысында 1,8 мың тонна, Алматы қаласында 1,4 мың тонна, Шымкент қаласында 1,05 мың тонна қызанақ жиналды. Республика бойынша қызанақ өсірілген жылыжайдың жалпы аумағы 4,5 млн шаршы метрді құрады.

Осы аралықта ел бойынша 33,1 мың тонна қияр жиналған. Өңірлер бойынша Түркістан облысы 20,9 мың тонна өніммен көш бастады, одан кейін Батыс Қазақстан облысы – 2,63 мың тонна, Алматы облысы – 2,62 мың тонна, Павлодар облысы – 2,2 мың тонна, Шымкент қаласы тұр – 1,8 мың тонна. Қазақстан бойынша қияр өсірілген жылыжайдың жалпы аумағы – 3,6 млн шаршы метр.

Бұдан бөлек республикада 368 тонна чили бұрышы мен тәтті бұрыш жиналды (72,3 мың шаршы метр). Оның ішінде 224 тоннасы Түркістан облысында, 118 тоннасы Алматы облысында жиналған. Сонымен қатар  Қазақстанда 114 тонна саңырауқұлақ жиналды, бәрі Алматы облысындағы жылыжайда өсірілген.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы Қасымбек Датқа ауылында банан өсіру қолға алынған айтылды.