Жаңалықтар

QJ League vs Атлетико Мадрид: қазақстандық футболшылардың дайындығы қалай

Бұл QJL All Star–дың халықаралық деңгейдегі екінші ойыны / Фото: qjl.kz

Бүгін, 23 тамызда  қазақстандық QJ League-ның жас жұлдыздары испандық «Атлетико Мадрид»  академиясының ойыншыларымен кездесіп, кіл мықтыны анықтайды. Ойын алдында Kursiv.media тілшісі  QJ League баспасөз хатшысы Бекежан Ардақұлымен тілдесіп, команданың дайындығы жайлы сұрады.

Басты  мақсат жеңіс емес, ойын дәмін сезіну…

«QJLeagueAllStar-дың бұл халықаралық деңгейдегі екінші ойыны. Былтыр дәл осы «Хан Тәңірі» стадионында біз сербиялық Црвена Звезда академиясына қарсы ойын өткізіп 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатынбыз. Биыл қарсылас деңгейін жоғарлаттық. Жалпы «Атлетико мадрид» академиясына келетін болсақ, өз жас санатында испанияның чемиондары.  Real Madrid,  Barcelona, «Атлетик» Бильбао командаларын артта қалдырып, былтыр чемпион атанып, биыл QJ League-ға қарсы ойын өткізеді. Қарсылас өте мықты, дегенмен біздің басты мақсатымыз жеңіске жету  халықаралық деңгейдегі ойын өткізу»,– деп атап өтті  QJ League баспасөз өкілі.

QJ League баспасөз хатшысы «Қайрат академиясы» QJ League-ға  ойыншыларын бермегенін атап өтті.  

«Бұл жерде тек аймақтың ойыншылары: Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент,Атырау. Мысалы, «Қайрат» жылда Франция, Швейцария сияқты халықаралық деңгейдегі командалармен ойындар өткізеді. Ал, қарағандылық, ақтөбелік жас футболшыларда мұндай мүмкіндік болған жоқ. Олар үшін осындай деңгейдегі алғашқы ойын. Тағы қайталап айтамын, ең бастысы жеңіске жету емес, ойынның дәмін сезу, тәжірибе алмасу»,– дейді Бекежан Ардақұлы.

Бекежан Ардақұлының айтуынша, еуропалықтарды бұл ойын қызықтыратын болса,  олар қазақстандық жас жұлдыздарды өз алаңдарында қабылдауы әбден мүмкін.

Еске салайық қос команда арасындағы тартысты ойын кешкі 20:00-де басталады. Матч басында көрермендерді лазерлік шоу мен түрлі эффектілерге толы футбол мерекесі мен  қызықты интерактивтер күтіп тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда «Атлетико Мадридтің» футбол академиясы ашылатыны туралы жазған едік