Жаңалықтар

Найзағай, жаңбыр, үсік: қай өңірлерде дауылды ескерту жарияланды

Найзағай, жаңбыр, үсік: қай өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Найзағай, жаңбыр, үсік: қай өңірлерде дауылды ескерту жарияланды / фото: shutterstock

ТЖМ Қазгидрометтің 14-15 қыркүйекте күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы мәліметтеріне сүйеніп, дауылды ескерту туралы хабарлама жариялады.

14 қыркүйекте таңертең Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматы қ.: 14 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Қонаев қ.: 14 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

14 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.                                                                         

Талдықорған қ.: 14 қыркүйекте солтүстікшығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 қыркүйекте тәулік бойы Түркістан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент: 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан: 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтау қ.: 14 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі.

14 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының  солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.                                                                                         

Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 14 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

14 қыркүйекте түнде және таңерең Қостанай облысында солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 14 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Көкшетау қ.: 14 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Петропавл қ.: 14 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с күтіледі.

14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың  шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

14 қыркүйекте Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі.

Бұған дейін, демалыс күндері кей өңірде ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейтінін жазғанбыз.