Жаңалықтар

Жерге ғарыштан алып тас жақындап келеді

Бұл астероид 2025 жылы біздің ғаламшарға ең жақын келетін әрі ең ірі ғарыштық денелердің бірі болмақ / фото: KursivMedia мұрағаты
Бұл астероид 2025 жылы біздің ғаламшарға ең жақын келетін әрі ең ірі ғарыштық денелердің бірі болмақ / фото: KursivMedia мұрағаты

18 қыркүйек күні таңғы сағат 13:00-де (Астана уақытымен) Жердің қасынан 2025 FA22 атты астероид ұшып өтеді.

Бұл туралы Сібір бөлімшесінің Ресей ғылым академиясына қарасты Күн астрономиясы зертханасы мен Күн-Жер физикасы институты хабарлады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл 2025 жылы біздің ғаламшарға ең жақын келетін әрі ең ірі ғарыштық денелердің бірі болмақ. Астероид Жерден Ай орбитасының диаметрінен сәл ғана алыс қашықтықта өтеді.

Астероидтың диаметрі шамамен 166 метр, ұзындығы – 290 метр. Өз салмағы жағынан ол Челябинск метеоритінен мың есе ауыр. Зерттеушілердің есебі бойынша, Жермен соқтығысу ықтималдығы – 0,01 пайыз ғана.

Бұған дейін SpaceNews басылымы қытайлық ғалымдардың Жерге жақындайтын (99942) Апофис астероидына арнайы миссия жіберуді ұсынғанын хабарлаған еді.

Ғалымдар 2032 жылы Жерге астероид соғысуы мүмкін екенін болжап отыр.