Жаңалықтар

Криштиану Роналду алғашқы миллиардер футболшы атанды

Капитан португальцев Криштиану Роналду отметился в Ереване дублем
Криштиану Роналду алғашқы миллионер футболшы атанды / фото: kursiv.media архиві

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду тағы бір тарихи рекорд орнатты. Роналду енді футбол тарихындағы алғашқы миллиардер атанды. Bloomberg Billionaires индексінің дерегінше, Роналдудың таза байлығы 1,4 млрд долларға жеткен.

Бұл көрсеткішке 40 жастағы шабуылшының Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен жасасқан жаңа келісімшарты айтарлықтай әсер еткен. Келісімшарт құны шамамен 400 млн доллар.

«Дәл қазір мансабының соңғы кезеңінде «Әл-Насрмен» құны 400 млн доллардан асатын жаңа келісімшартқа отырып, әлемдегі ең бай спортшылардың бірі атанды», — деп жазады Bloomberg.

Осылайша Криштиану Роналду Bloomberg индексі бойынша миллиардер атанған алғашқы футболшы болды. Көп жылдар бойы Лионель Мессимен бірге әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі саналып келді. Алайда 2023 жылдан бастап олардың табысы арасындағы айырмашылық айқын байқала бастаған.

Роналду өзінің мансабында «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» сынды клубтарда ойнап, бес дүркін «Алтын доп» иегері атанған. Енді ол тек спорттағы жетістігімен ғана емес, қаржылық рекордымен де тарихқа енді.