Жаңалықтар

2027 жылға дейін 20 қалаға таратылады – министр 5G бойынша жоспарды таныстырды

5g интернет
2027 жылға дейін 20 қалаға таратылады – министр 5G бойынша жоспарды таныстырды / Фото: Kursivmedia

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда 5G желісін тарату жұмыстары қандай деңгейде екенін айтты.

Министрдің мәлімдеуінше қазір еліміздегі ауылдардың 84%-ында мобильді интернет бар. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырады. 

«Нәтижесінде, 4G желісі барлық елді мекендердің 92%-ына дейін жетеді. Сонымен қатар, 5G желісі облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалаға енгізіліп,  қалалардың 60-75% аумағын қамтитын болады«,– деді Мәдиев Үкімет отырысында. 

Бұдан бөлек, 40 000 шақырым автожол бойы 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі.  Бұл жоба жеке инвесторды тарта отырып жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Мәдиев 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылатынын және оптикалық байланыс елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады деп уәде берді.