Жаңалықтар

2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады – министр

2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99%-ы интернетпен қамтамасыз етіледі
Интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с деңгейіне жетті / Фото: kursiv.media архиві

2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Ал оптикалық байланыс елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады. Мұндай мәлімдемені Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Мәдиевтің айтуынша, соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталған. Бүгінде 20 миллионнан астам мобильді абонент және 3,7 млн тіркелген пайдаланушы байланыс қызметтерін қолдануда. Сондай-ақ министр интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с деңгейіне жеткенін айтады.

«Саланы дамыту 2024-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады», деді министр Үкімет отырысы барысында.

Министрліктің мәліметінше қазіргі уақытта 2600 ауылға оптикалық интернет тартылғанын атап өтті. Қалған 3039 ауылға 2027 жылдың соңына дейін кабель арқылы оптикалық интернет барады.