Lifestyle

Астаналық актер Путиннің қолынан марапат алды

Астаналық актер Путиннің қолынан марапат алды / Фото: РиаНовости

Астанадағы Максим Горький атындағы театрдың актері Сергей Матвеев Ресейде Пушкин атындағы медальмен маратталды. Марапатты Ресей президенті Владимир Путин табыстаған.

Театр баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыйлық Ресей халықтарының бірлігі күніне орай Мәскеудегі Кремльде өткен шарада табысталған.

«Бұл күні Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуға, ғылымды, білім мен мәдениетті дамытуға үлес қосқан әлемнің түрлі елдерінің көрнекті қайраткерлері марапатталды», – делінген хабарламада.

Сергей Матвеев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғыз Республикасының Халық әртісі, РФ Достық орденінің иегері, Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ профессоры. Ол елордалық сахнада көптеген жылдар бойы «Пушкинмен мәжіліс» атты моно-пьесада ойнап келген. Пьеса ақынның шығармаларындағы кейіпкерлеріне жан бітіреді.

Айта кетейік, бүгін Ресейде Матвеевпен қоса, көптеген адамдар марапат алған. Олардың қатарында Ресей және бірнеше елдің (оның ішінде Қазақстанда бар) православ шіркеуі қарайтын Мәскеу патриахы Кириль де марапатталған. Ол – 2022 жылы Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруін алғашқы болып қолдаған адамдардың бірі.