Жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген ақшаға елде 77 мектеп салынды

Фото: gov.kz

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толығып келеді.

Оқу-ағарту министрлігі таратқан ресми мәліметке сүйенсек, мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс жүргізіліп жатыр.

«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам орындық 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан», – деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушыға арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Ақбастау ауылының тұрғындары балалары оқитын жаңа мектеп салып беруді талап етіп отырғанын жазған едік. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің керек-жарағына бөлінетін 250 млрд теңгені ұстаздардың өзіне бөліп беруге болады деген ұсынысты қолдай қоймады.