Жаңалықтар

Солтүстік аймақтарда қатты аяз: 21 желтоқсанға ауа райы болжамы

Фото: shutterstock

21 желтоқсан, жексенбі күні Қазақстанның көптеген аймақтарында қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық облыстарда қатты қалың қар жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжауынша батыс пен оңтүстік аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Республика оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қарлы боран күтілуде.

Сондай-ақ елдің басым аймағында тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтілуде.

Республикасының солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық облыстарында ауа температурасы 0…–5 °C ден –18…–30 °C дейін өзгеріп тұрады. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты аяз болады температура –33…–35 °C дейін төмендейді. Басқа өңірлерде температураның айтарлықтай ауытқуы күтілмейді.