Жаңалықтар

Ақтөбе облысында әкім өзіне қол жұмсады

Еркін Далмағамбетов
Еркін Далмағамбетов / фото: gov.k«z

Ақтөбе облысы, Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өзіне қол жұмсады деген күдік бар. Оның мәйіті 20 желтоқсанда табылған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

БАҚ-тың жазуынша, сол күні ол достарымен жолыққан.

Еркін Далмағамбетов 2024 жылы маусымда қала әкімі деп тағайындалған, 46 жаста. Артында алты баласы қалды.

Былтыр желтоқсанда Ақтөбе облысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы өз-өзіне қол жұмсаған.

Дәл сол жылы күзде Ақтөбеде әскер қатарына шақырылған сарбаз өз-өзіне қол салған.