Жаңалықтар

Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев қайтыс болды

Нұрлан Сегізбаев Менің атым Қожа
Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев қайтыс болды / Фото: коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев 59 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді.

«ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Нұрлан Сегізбаев режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінде Қожа рөлін сомдағаннан кейін танымал болған. Бұл рөл актерге бала кезінен-ақ танымалдық әкеліп, ел есінде сақталды. 

Айта кетейік, осыған дейін Сегізбаевтың ауыр дертпен күресіп жатқанын жазған едік.