
Қазақстандағы дәріханаларда бірнеше препарат арзандаған. Бұған Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасын реттеу туралы бұйрығының әсерінен болған. Кейбір препараттар 26% арзандады, деп хабарлады министрлік баспасөз қызметі.
Әңгіме ҚР ДСМ-нің 24.06.2025 жылғы № 59 «ҚР ДСМ-нің 11.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-247/2020 «ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ, медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаны реттеу, қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы туралы болып отыр.
Дегемен кәсіпкерлер Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай шешіміне наразы болған. Өйткені кейбір дәрі-дәрмекті сату кезінде шығынға ұшырап жатқандарын айтқан. Себебі шекті рұқсат етілген бағалар сатып алу бағасынан төмен белгіленді.
Сонымен қатар, құжаттың жаңа редакциясында валюталардың өзекті бағамы ескерілмеген. Сондай-ақ, түпнұсқа препараттар мен генериктер үшін бағаны қалыптастыру ережелері бұзылған. Осы себепті бизнес бұйрықты нақтылауды талап етті.