Жаңалықтар

Қуаты 5 балл: Жетісу облысында жер сілкінді

сейсмограф жер сілкінісі сілкінді
фото: shutterstock

5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:39-да Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Мекеме жер сілкінісі магнитудасын 5 балл деп бағалады. Дүмпу Текелі қаласынан шамамен 60 км жерде болған.

карта жер сілкінісі дүмпу ошағы
Дүмпу ошағы Жаркент, Сарқан қалаларына жақын орналасқан / фото: Google map

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жер сілкінісі қуатын 4,8 балл деп бағалады. Дүмпу ошағы Жетісу облысы Сарқан қаласынан 68 км, ал Қытайдың Шәуешек қаласынан 117 км жерде орналасқан.

Әлсіз жер сілкінісін Алматы қаласының тұрғындары да сезді.