
«Бәйтерек» холдингі осы жылы сыртқы нарықтан 3 млрд доллар тартып, инвестициялық банк моделіне жақын құрылымға айналмақшы. Бұл жайлы холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Bloomberg-ке берген сұхбатында мәлімдеді.
«Бәйтерек» жаңа еурооблигация шығарып, даму банктерінен қарыз алмақшы. Одан бөлек юаньмен де облигация шығаруды да жоспарлап отыр. Яғни болашақта Қазақстан Даму Банкі иенмен қарыз ала алады.
Онжановтың сөзінше, холдинг талдау қызметін күшейтіп жатыр. Яғни болашақта мәмілелердің құрылымына, жобаларға толыққанды талдау жүргізбекші.
Ислам қаржы құралдарына, Таяу Шығыстан капитал тартуға да ерекше көңіл бөлінбекші. Сондай-ақ басқа да тәуелсіз қорлармен ортақ инвестициялық платформа құру жоспарланып отыр.