
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында алғашқы голын соқты.
Ислам Чесноков Шотландия Премьер-лигасының 28-турында «Хартс» сапында алаңға шығып, «Фалкрик.» қақпасына 45-минутта дәл соққы жасады.
Бұл кездесу Чесноков үшін жаңа клубтағы үшінші матч болды. Ол «Хартс» сапындағы дебютін 17 қаңтар күні Шотландия кубогы аясында дәл осы «Фалкиркке» қарсы өткізген еді. Ол ойында негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында (5:6) қарсылас басым түскен болатын.
Еске салайық, Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубына 2026 жылдың 6 қаңтарында ресми түрде ауысты. Тараптар 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісім 2028 жылдың жазына дейін жарамды.