Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/4 финалында ойнайды

«Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына өтті / Фото: Қайрат клубы

Бүгін, 23 ақпанда, алматылық «Қайрат» футзал клубы Еуропадағы ең беделді турнир Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Қарсыласы Испанияның айбынды ұжымы «Картахена».

Ойын уақыты мен трансляция

Матч сағат 20:00 де Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешінінде өтеді. Билеттерді Fredoom Ticketon сайтынан сатып алуға болады. Сондай-ақ ойынды Qazsport арнасынан тікелей эфирден көруге болады.

Ширек финалға дейінгі жол

«Қайрат» биылғы маусымда чемпиондық мінез көрсетіп келеді. Негізгі кезеңдегі тартысты ойындардан соң, 1/8 финалда бельгиялық «Андерлехтті» екі ойынның қорытындысы бойынша 12:6 есебімен сенімді түрде қапы қалдырды.

Ал, «Картахена» – өз тобында «Жальгирис» пен «Андерлехтке қарсы ойындарда қақпасына бірде-бір гол өткізбей, жеңіске жетті. Испандықтардың болаттай берік қорғанысы «Қайраттың» шабуыл шебі үшін үлкен сынақ болмақ.