
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 5 қабаттың балконынан абайсызда құлап түскен 45 жастағы ер адам қайтыс болды. Бейресми мәліметке қарағанда, оны пәтер иесі жалдамалы жұмысшы ретінде шақырып, балконды қаптатпақ болған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткенімен, жұмысшы алған жарақатынан тіл тартпай кеткен. Полиция қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады» делінген полиция хабарламасында.