Жаңалықтар

Петерборда бойжеткен ер адамды зорлады

Жәбірленушіні бопсалау үшін зорлығын телефонға түсірген / фото: Shutterstock
Жәбірленушіні бопсалау үшін зорлығын телефонға түсірген / фото: Shutterstock

Петерборда бойжеткен ер адамды ұрып-соғып, зорлап, камераға түсірген. Кейін бопсалау үшін қылмысын бейнежазбаға таспалаған.

Бұл туралы қаланың Соттың баспасөз қызметінің басшысы Дарья Лебедева хабарлаған.  

Тергеу мәліметінше, бойжеткен жәбірленушіге оральды түрде жыныстық қатынасқа түсуге ұсынған. Бас тартса, күш қолданатынын ескерткен. Ер адам үзілді-кесілді бас тартқан соң, күдікті жұдырық жұмсай бастаған. Екі бұтының ортасынан да тепкен.  

Ер адам есін жиған кезде, бойжеткен шешініп, үстіне отырып, зорлық жасаған. Жәбірленушіні бопсалау үшін зорлығын телефонға түсірген.

Күдіктінің үстінен зорлау және бопсалау бабы бойынша айып тағылды. Іс материалдары сотқа түсті.

Айта кететін жайт, Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысын зорлау фактісі бойынша қозғалған іс қайта тергеледі.