
Танымал блогер, заңгер әрі қоғам белсендісі Әділетхан Молдахан құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы заңгердің көмекшілері хабарлады.
Адвокаттың айтуынша, Әділетханға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (ұлтаралық араздықты қоздыру) және 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылып отыр.
Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті жедел-тергеу шаралары қолға алынған.