
Қазақстандық актер әрі ережесіз жекпе жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар желідегі парақшасында жаңа бизнесін таныстырды.
Актердің айтуынша, ол TokBurger деп аталатын жылдам тамақтану орындарын ашқан. Бұл бизнесті бастау үшін 3 ай уақыт жұмсап, 50 млн теңге инвестиция салған.
«3 ай уақыт және 50 млн теңге жұмсалды. Біз ашылуға дайынбыз ал сіздер ше?» – деп жазды актер.
Жұрт оған қолдау білдіріп, «Қазақстан болып қолдаймыз» деп жатты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еркебұлан қырғызстандақ Марсель Нұрланбекұлымен өткізген жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілген еді.